Ұйымның алқа отырысы өтті
Қарағанды қаласындағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт кешенінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек Үсенұлы Әлденейдің төралығымен Қарағанды облысының ұлттық спорт түрлері қауымдастығының отырысы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Отырыста Қарағанды облысының Көкпар федерациясы президенті Нұржан Шайхин сөз сөйлеп, жоспарлармен бөлісті. Қауымдастықтың алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары талқыланды.
Сондай-ақ, дауыс беру қорытындысы бойынша Қарағанды облысының ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып, Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Қобжанов Нүркен Сайфиддинұлы тағайындалды. Қауымдастықтың атқарушы директоры болып Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің басшысы Абылаев Темірхан Серікбайұлы сайланды.
Айта кетсек, Қауымдастық мүшелігіне ұлттық спорт түрлерінің 10 түрі еңген (көкпар, жаппай көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, теңге ілу, асық ату, тоғызқұмалақ, құсбегілік).