Астанада қонақ үй өртенді
Өрттің себебі анықталып жатыр
Динара Амантай
13.11.2024 | 17:48
Елордалық өрт сөндірушілер қонақ үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, Сарыарқа ауданында Дүкенұлы көшесіндегі қонақ үй бөлмесінде заттар мен жиһаздар өртенген. Құтқарушылар отты тез арада сөндіріп, оның таралуына жол бермеді.
Ақпаратқа сәйкес, өрт болған кезде үй-жайда ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.