Ресей күні мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдыған орай шара ұйымдастырылды
Ресейдің елордадағы елшілігінде Ресей күні мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдыған орай шара ұйымдастырылды.
Нұр-Сұлтандағы Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин шара барысында Қазақстанның достас әрі бауырлас ел екенін атап өтті.
Ресей Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық бағыты мен мемлекет басшысының тең позициясын қолдайды. Қасым-Жомат Кемелұлының ұлтқа бөлінбей бір бағытты ұстануымыз керек деген сөзі өте орынды. Біз достас қана емес, бауырлас та елміз. Бізді көпжылдық ортақ тарих байланыстырады, - деді Алексей Бородавкин.
Шараға Қазақстан премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысқан болатын. Ол өз сөзінде экономикалық күрделі кезеңге қарамастан екі ел арасындағы ынтымақтастық артып келе жатқанын айтты.
«Қазіргі күні геосаяси, логистика мен сауда, қаржылық салада туындаған қиындықтарға төтеп беруге күш салынып жатыр. Мұндай күрделі кезеңнің өзінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың артқанын байқап отырмыз. Ауқымды антикризистік жұмыс үкімет, ведомство деңгейінде атқарылып жатыр. Өңіраралық байланыстар да белсенді қосылды», - деді ол.
Елшінің пікірінше екі ел бірлесіп қиындықтарға төтеп беріп қана қоймай экономиканы дамытудың оңтайлы шешімдерін де табады.