Учаскелерді бүгін кешке ашу жоспарланып отыр
Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірдегі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жамбыл облысында бүгін сағат 13:00-де республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 159-238 шақырым аралығында (Отар ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына және 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Түркістан облысында сағат 13:00-де республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктері үшін жол жабық.
Жолды бүгін сағат 19:00-де ашу жоспарланған.