Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасы: адамды азаптаған полицей сотталды

Ол арнайы атағынан айырылды

 Динара Амантай 13.11.2024 | 11:39
Қаңтар оқиғасы: адамды азаптаған полицей сотталды
Фото: Halyq Uni

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, 2022 жылы 8 қаңтарда Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілген азаматқа полиция қызметкері азаптау әдістерін қолданған. Салдарынан жәбірленушіге тән азабы келтірілген.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама