×

Қытай Тайваньға әскер кіргізетін құжатқа қол қойды

Онда Қытайдың Тайваньға соғыс ашуы мүмкін екені айтылады

 Қанат Атаманов 15.06.2022 | 00:00
Фото: ашық дереккөздерден

Қытай басшысы Си Цзиньпин Тайваньға қарсы арнайы операция өткізбек. Ол қарулы күштеріне аралға кіруге рұқсат беретін директиваға қол қойды. Құжат 15 маусымнан бастап күшіне енеді.

Бұл туралы Radio Free Asia басылымы жазды. Онда Қытайдың Тайваньға соғыс ашуы мүмкін екені айтылады.

Құжат ұлттық егемендікті, аймақтық тұрақтылықты қолдау және әскери қимылдарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібіне негізделген. Ол негізінен негізгі қағидаттарды, ұйымдастыру мен басқаруды, іс-қимыл түрлерін, жедел қамтамасыз ету мен саяси жұмысты, сондай-ақ оларды әскерлердің жүзеге асыруын жүйелі түрде реттейді. Ол соғыссыз әскери қимылдарды жүргізудің құқықтық негізін қалайды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қытай қорғаныс министрі Вэй Фэнхэ Тайвань тәуелсіздігін жарияласа, Бейжің соғыс бастайтынын айтқан еді. Ал Тайваньның әскери стратегтері Украинаның Ресейге қарсы соғысын зерттеп, қытай басып кірген жағдайда тойтарыс берудің барлық амалдарын пысықтап жатыр.

Ал АҚШ билігі Қытай соғыс ашқан жағдайда, Тайваньды қорғау үшін күш қолдануға дайын екенін айтып отыр. Президент Джо Байден бұл текетіреске басқа мемлекеттер де араласатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама