Halyq Uni логотип
×

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Қыста балаларға жол бойындағы қатер артады

 Динара Амантай 13.11.2024 | 09:43
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомство өкілдері қалың қардың түсуіне байланысты ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуге шақырды.

Жол бойында шанамен сырғанау сияқты қысқы ойындар қауіпті болуы мүмкін. Балалар көп жағдайда айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал. Бұл олардың жарақаттануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Осыған байланысты балаларға негізгі қағидаларды түсіндіру қажет:

  • тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру керек;
  • жолдың жанында ойнауға болмайды;
  • жолды кесіп өту кезінде екі жаққа да қарау керек.
  • қыста балаларға көлік жүргізушісі көретіндей ашық түсті, көзге көрінетін киім кигізу маңызды.

Балаларымыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік! Сіздің жанашырлығыңыз бен қырағылығыңыз көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алады! – деді Ақтоты Боранова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама