Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріске жол берілмеді
Күдіктілер анықталды
Қырғыз Республикасында мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бас прокурорының экс-орынбасары Курбан Адыл уулу елде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікті күшпен басып алмақ болған.
Күдіктілер Бішкек маңында жарыс өткізуді жоспарлағн. Олар ұлттық спорт ойындарды өткізу ретінде желеу етіп, Конституцияға қарсы үндеу жасауға дайындалып, жағдайды тұрақсыздандырып, 2024 жылдың 17 қарашасында өтетін жергілікті кеңеске сайлау кезінде билікті күшпен басып алуға ниетті болған, - деп жазылған хабарламада.
Бұл факті бойынша жиналған материалдардың негізінде ІІМ Қырғыз Қылмыстық кодексінің 36-278-баптарының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында аталған топтың бірқатар мүшесі ұсталды:
- Шетелдік азамат, ол 1987 жылы туған, Ош облысының тұрғыны К. А. О. Күдікті шетелде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан. Оның міндеттеріне: ад амдарды іріктеу, нұсқау беру, ішімдіктерді, азық-түлік пен мал сатып алу, жаппай тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау органдарының іс-әрекетін қадағалау және ұйымдастырушылар мен үйлестірушілерге ақпарат беру кірген. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде тұтандырғышы бар граната, патрондар, 3 квадрокоптер, тепловизор, оптикалық көздеуіш табылды;
- Шетелдік азамат, Ош облысының тұрғыны – А. у. М. Ол К. А-ға Қырғыз Республикасыда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға көмектесуі керек болған. Ұсталған кезде күдіктіден нөмірі өшірілген белгісіз үлгідегі тапанша мен оқ-дәрілер, салмағы 5,7 грамм гашиш табылды.
- Шетелдік азамат – М. М. Т. Ол шет мемлекеттің аумағындағы әскер іс-қиымға қатысқан. Күдікті досы К. А-ға Қырғыз Республикасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға жәрдемдесу үшін келген. Ол – жарылғыш құрылғыларды дайындау және қолдану дағдылары бар, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (дрондармен) жұмыс жөніндегі маман;
- Шу облысының тұрғыны, ұйымдастырушы және үйлестіруші – Б. Т. Н. Бұған дейін ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Күдікті жоғарыда аталған адамдарға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру ісінде демеушілік көрсеткен және жалдаған. Ол арандатушылық бейнероликтер мен мессенджерлерге сілтемелер таратқан, оның міндетіне бұрын сотталғандарды және аталған заңсыз әрекеттерді қаржыландыруға дайын басқа адамдарды қаржыландыру және іздеу кірген.
- Шу облысының тұрғыны – К. Д. С. Ол тонау, қаруды заңсыз сақтау, есірткіні ұрлау және сату қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған. Оның міндетіне тиісті үгіт-насихат және қаржыландыру арқылы спорттық іс-шараларға қатысушыларды жинау кірген. Олар Үкімет үйіне кіру үшін керек болған.
- Шу облысының тұрғыны Ч. А. С. Ол – ұйымдастырушы және үйлестіруші, Б.Т-ның жақын досы. Күдікті қаражатты үйлестіру және бөлу, жалдамалыларға жалақы төлеу, адамдарды арандатушылыққа шақыруға жауап берген.
- Бас ұйымдастырушы – А. у. К. Жалал-Абад облысында дүниеге келген. Ол Қырғыз Бас прокурорының бұрынғы орынбасары. Оның міндетіне қаржылық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен байланыс, олардың әрекеттері туралы ақпарат беру, тәртіпсіздіктер мен билікті басып алудағы рөлдерді бөлу және үйлестіру кірген.
Сондай-ақ аталған топқа тиесілі қоймадан адамдарды мас ету үшін 1 мың бөтелке арақ, 2 мың бөтелке минералды су, 1 тонна күріш, союға арналған 1 жылқы және тәртіпсіздіктерге қатысушыларға тамақ дайындауға арналған өнімдер тәркіленді.
Ұсталғандарға Қырғыз Қылмыстық кодексінің 41-бабының 2-бөлігі, 36-бабы, 278-бабы («Жаппай тәртіпсіздіктерді дайындауды ұйымдастыру»), 261-баптың 1-бөлігі («Ұйымдасқан топ құру»), 263-баптың 2-бөлігі («Ұйымдасқан топты қаржыландыру»), 326-бап («Билікті күштеп басып алу әрекеті»), 256-баптың 1-бөлігі («Қырғыз Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе әскери әрекеттерге қатысуы») айып тағылды.
Күдіктілер сот шешімімен 2025 жылғы 10 қаңтарға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қазір ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.