Әскерилер бірыңғай формаға көшеді
Жыл сайын 140 млн теңге үнемделеді
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері бірыңғай формаға көшеді. Бұл туралы полковник Әсет Оразалин айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан қарулы күштерінің қызметкерлері жаңа бірыңғай формаға көшіп жатыр. Киімдер ыңғайлы. Бұрын әскери киімнің 2 түрі болса (қысқы, жазғы), енді 4 түрі болады. Формаға маусымдық күртеше мен жемпірді (свитер) қостық, - деді Әсет Оразалин.
Жаңа форманың ерекшелігі:
Жайлы (желден қорғау үшін тік жаға енгізілді, қалтасы зат салуға ыңғайлы етіп тігілді);
Климат пен географиялық ерекшеліктері ескерілді;
Жаңа мата суға, аязға және желге төзімді;
Айырым белгілері енді Velcro типті жапсырмаға бекітіледі;
Күләпарасы (капюшон) бар демимаусымдық далалық куртка және жағасы бар далалық жемпір пайда болды;
Қысқы киімге түбегейлі өзгеріс енгізілді (матаның құрамы өзгертілді, қалың шалбардың функционалдығы жақсарды, жүннен тігілген қалпақ пен шарф енгізілді).
Жазғы киімге тактикалық етік (кроссовка) және құм түсті қонышты етік енгізілді.
Қорғанис министрлігінің мәліметінше, бұл өзгеністер жыл сайын 140 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.