Halyq Uni логотип
×

Оралда құрылысы тоқтап қалған тергеу изоляторының жағдайы тексеріліп жатыр

Салынатыны не салынбайтыны комиссия шешіміне қарап тұр

 Ербол Тұрымбет 12.11.2024 | 14:29
Оралда құрылысы тоқтап қалған тергеу изоляторының жағдайы тексеріліп жатыр
Фото: tengrinews.kz

Бүгінде изолятор істеп тұрған жоқ. Қазір әкімдік Ішкі істер министрлігімен бірге оның әрі қарайғы құрылысын ақылдасып жатыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілердің сұрағына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның сөзінше, әзірге бұл ғимаратты тексеріп шығу үшін жобалау-сметалық құжатына тапсырыс берілген. Сол арқылы әрі қарай жалғастырып салуға болатыны не болмайтыны анықталады.

Тергеу изоляторы ғимараты 2013 жылы салынып бастап, кейін мердігер мен сол кездегі бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалуына байланысты тоқтап қалған.

Бүгінде изолятор істеп тұрған жоқ. Қазір Ішкі істер министрлігімен бірге оның әрі қарайғы құрылысын ақылдасып жатырмыз. Әзірге бұл ғимаратты тексеріп шығу үшін жобалау-сметалық құжатына тапсырыс бердік. Сол арқылы әрі қарай жалғастырып салуға болатынын не болмайтынын анықтаймыз. Арнайы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін тиісті шешім қабылдаймыз. Егер әрі қарай салуға болатын болса, онда құрылысын жалғастырамыз. Оның үстіне қазір бізде жазасын өтеп жатқандар үшін орын жеткіліксіз, – деді әкім.

Айта кетейік, әңгіме Зачаганск кентінде 5 млрд теңгеге салынған тергеу изоляторы туралы. Оны аяқтау үшін тағы 6 миллиард теңге қажет екені бұған дейін айтылған. Даулы құрылыс 1500 орынға есептелген. Жұмыс істеп тұрған №74 мекеме 1858 жылы салынғандықтан апатты жағдайда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама