Halyq Uni логотип
×

БҚО-да жаңажылдық мерекелерге 28 млн теңге қарастырылған

Оралда бас шырша сатып алынбайды

 Ербол Тұрымбет 12.11.2024 | 13:41
БҚО-да жаңажылдық мерекелерге 28 млн теңге қарастырылған
Фото: ortcom.kz

БҚО-да биылғы жаңажылдық мерекелік шараларға бүкіл облысқа, оның ішінде қала мен қаланың 12 ауданына 28 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, былтырдан бері жаңа шырша сатып алуға тыйым салған.

Маған дейін қала үшін сатып алынған жасанды шырша бар. Соны жылда құрамыз, Жаңа жылдан кейін оны ұқыпты жинап, келесі жылға қалдырамыз. Сөйтіп, шыршаға жыл сайын шығындалмаймыз. Қалған қаражат барлық шараға қарастырылған. Оның ішіне сыйлықтар да кіреді. Әлбетте, бұл бюджет қаражаты екенін түсінеміз, сол үшін оны барынша үнемдеуге тырысамыз, деді әкім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама