Құжат жобасы қоғам талқысына ұсынылды
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы Жезқазған кенті таратылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жезқазған кенті Сәтбаев қаласының әкімшілік-аумақтық бағынысына енгізіліп, кейіннен есептік деректерден алып тастай отырып, Жезқазған кенті таратылсын, – делінген шешім жобасында.
Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құжат жобасы 25 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынылды.