Halyq Uni логотип
×

Алматыда жыл басынан бері 26 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелді

Салдарынан 3 мыңнан аса адам жарақат алды

 Динара Амантай 12.11.2024 | 12:54
Алматыда жыл басынан бері 26 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелді
Фото: Halyq Uni

Алматыда жыл басынан бері 26 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қалалық прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жиында 2 жылдың ішінде қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Сондай-ақ жол апаттарында зардап шеккендердің, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО-ның теріс статистикасы атап өтілді.

Жыл басынан бері 26 мың 498 ЖКО тіркелді. Салдарынан 3 168 адам жарақат алса, 66 адам қаза тапты, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған.

ЖКО-ның негізгі себептері – жаяу жүргіншілер өткелінен өту және маневр жасау, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қиылыстан өту ережелерін бұзу, оған жарықтың, белгілердің және жол жабынының нашарлығы ықпал етеді.

Осындай фактілерді азайту және жүргізушілердің қырағылығын арттыру мақсатында қала прокуратурасы Яндекс және 2ГИС-пен бірлесіп, навигаторларға ерекше апатты учаскелердің картасы мен оларға жақындаған кезде жүргізушілерді дауыстық ескерту функциясы енгізілді.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысына сәйкес, уәкілетті органдарға ЖКО-ны азайтуға және азаматтардың жол қозғалысы ережелерін сақтауына бағытталған бірқатар нақты ұсыныс берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама