Үш өңірде экстремистік ұйым құрған қазақстандықтар ұсталды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Үш өңірде экстремистік ұйым құрған қазақстандықтар ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 7 қарашада Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандықты ұсталды.
Сондай-ақ, тыйым салынған ұйымға қатысқаны үшін 17 адамға «Шығуға болмайтындығы туралы қол қою» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған.
Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін соттылы болған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілген, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.