Halyq Uni логотип
×

Ер адам әйелін бұрынғы күйеуінен қызғанып, атып тастаған

Жантүршігерлік оқиғадан кейін 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды

 Қанат Атаманов 14.06.2022 | 21:30
Ер адам әйелін бұрынғы күйеуінен қызғанып, атып тастаған
Фото: ашық дереккөздерден

Қайғылы оқиға Түркістан облысы, Сауран ауданының Қаражон ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел 34 жаста болған. Оның азаматтық некедегі күйеуі басына 16 калибрлі мылтықтан оқ атқан. Әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Сотта ол әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтқан. Жантүршігерлік оқиғадан кейін 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан өлтірген 41 жастағы ер адамға үкім шығарды.

Ер адам 18 жылға ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама