Қосшы қаласына жаңа әкім тағайындалды

Халық үні

Облыс әкімі оның жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті

фото: gov.kz

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауы бойынша Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Капышев тағайындалды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімдігі Telegram-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Азамат Капышевтің жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа басшылықтың алдына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды.

Өңір әкімі қала басшылығына жоспарланған барлық нысандардың уақтылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қосшының келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды.

Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіледі, - деді Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар, ол кездесу соңында жаңа әкімге жүктелген міндеттерді іске асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.