«Қазхром» кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
«Қазхром»ТҰК» компаниясына қарасты тау-кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Кәсіпорын ұсынған ақпаратқа сәйкес, 4 қарашада Дөң тау-кен байыту комбинатында монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлап кеткен.
Компания оған кәсіби медициналық көмек көрсету үшін бар күшін салды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күресті. Өкінішке қарай, құтқару мүмкін болмады.
Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 30 қазанда «Қазхром» компаниясына қарасты карьерде жүк көлігі аударылып, соның салдарынан кабинада отырған 2 адам көз жұмған болатын.