Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: ауруханаға түскен 2 адамның қазіргі жағдайы айтылды

Апат салдарынан майор Батыр Оразымбетов қаза тапты

 Халық үні 11.11.2024 | 15:16
Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: ауруханаға түскен 2 адамның қазіргі жағдайы айтылды
Фото: ТЖМ, ҚМ

9 қарашада Ақтөбеде МИ-8 тікұшағы құлап бір адам қаза тапты, екі адам ауруханаға түсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, аурухана түскен екі азаматтың жағдайы қалыпты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Науқастардың жалпы жағдайы тұрақты, денсаулығы нашарлап жатқан жоқ, - деп хабарлады басқарма.

Айта кетейік, 9 қараша сағат 11:40-та 112 нөміріне Мартөк ауданы Сарыжар ауылы маңында тікұшақтың «қатты қарқынмен қонғаны» туралы ақпарат түскен. Бортта 3 адам болған.

Содан кейін Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан 36 жастағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы, майор Батыр Оразымбетов қаза тапқанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама