Тоқаев Польша президентін құттықтады

Динара Амантай

Мемлекет басшысы өзара ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді

Фото: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.