Halyq Uni логотип
×

Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

Ол еңбек жолын тергеуші болып бастаған

 Динара Амантай 11.11.2024 | 12:21
Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
Фото: ortcom.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Санжар Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын тергеуші болып бастаған. Кейіннен ІІМ Тергеу департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2023 жылдың мамырында Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама