Күдікті қамауға алынды
Жамбыл облысында алаяқ психикалық ауруға шалдыққан әйелдің пәтерін сатып жіберген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратура мәліметінше, психикалық ауруға шалдыққан 1-топқа жататын 62 жастағы мүгедек әйелге тиесілі жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактісі анықталды.
2023 жылдың маусымында алаяқ әйелдің жағдайы мен дәрменсіздігін пайдаланып, Тараз қаласы «Қаратау» мөлтек ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтерді 9 млн теңгеге сатып жіберген. Прокуратураның талап арызы бойынша қалалық соттың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен пәтер иесіне қайтарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сонымен қатар, қала прокуратурасы алаяққа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық қудалауды бастап, күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.