Halyq Uni логотип
×

Шетелге көшіп кеткен азаматтарға дәрі-дәрмек рәсімдеу мүмкіндігі жойылды

ДСМ ақпараттық жүйені жетілдірді

 Динара Амантай 11.11.2024 | 12:38
Шетелге көшіп кеткен азаматтарға дәрі-дәрмек рәсімдеу мүмкіндігі жойылды
Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрлігі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға МӘМС бойынша дәрі-дәрмек рәсімдеу мүмкін болмауы үшін ақпараттық жүйені жетілдірді. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, мұндай жағдайлар биыл жазда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның өңірлік филиалдарының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталған. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігіне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Бүгінде «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды медициналық мекемелерден есептен шығару үшін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан тікелей мәлімет алады. Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл 24 қазаннан бастап осындай мәртебесі бар пациенттерге рецепт беру тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Жоғары аудиторлық палата берген нұсқамаларының орындалуын қатаң бақылауға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама