Павлодар облысында 5 мыңнан аса тұрғын жауапқа тартылды

Динара Амантай

ЖПІШ барысында 280 мыңнан астам үй мен пәтер тексерілді

Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында  мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, шара басталғалы бері 280 мыңнан астам үй мен пәтер тексерілген.

Полицейлердің күнделікті міндеті – тұрғылықты жері бойынша азаматтарға бару, қылмыс пен құқықбұзушылық жасауға бейім адамдармен профилактикалық әңгімелесу. Қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу қазірдің өзінде өз нәтижесін беріп келеді. Іс-шара барысында бес мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда қорғаныс нұсқамасының бұзылуы, ұсақ бұзақылық, темекі шегу және алкоголь ішу анықталды. Барлық құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетсек, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы 15 желтоқсанға дейін жалғасады.