Жоғарғы соттың жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды

Динара Амантай

Сот төрағасы тиісті Өкімге қол қойды

Фото: Halyq Uni

Жоғарғы соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жоғарғы сот төрағасы тиісті Өкімге қол қойды.

  1. әкімшілік іс жүргізу бойынша Аслан Тукиев (ЖС Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы);
  2. қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша Еркеш Мәукен (ЖС судьясы);
  3. азаматтық сот ісін жүргізу бойынша Марина Боровик (ЖС судьясы).

Оларға коммуникация бөлімімен бірлесе отырып, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңартулар, сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби қызметі туралы қоғамның хабардар болуын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.

  • Жаңа тағайындалған үйлестіруші-судьяларған келесідей міндеттер қойылды:
  • БАҚ-қа ашық сот процестеріне қолжетімділік және жабық сот отырыстарында қаралған істер бойынша БАҚ-қа сапалы ақпарат беру;
  • үйлестіруші-судьялар мен соттардың баспасөз қызметінің біліктілігін арттыру;
  • заманауи коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, БАҚ-пен өзара байланыс орнату және тағы басқа міндеттер.