Жоғарғы соттың жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды
Сот төрағасы тиісті Өкімге қол қойды
Жоғарғы соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жоғарғы сот төрағасы тиісті Өкімге қол қойды.
- әкімшілік іс жүргізу бойынша Аслан Тукиев (ЖС Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы);
- қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша Еркеш Мәукен (ЖС судьясы);
- азаматтық сот ісін жүргізу бойынша Марина Боровик (ЖС судьясы).
Оларға коммуникация бөлімімен бірлесе отырып, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңартулар, сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби қызметі туралы қоғамның хабардар болуын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.
- Жаңа тағайындалған үйлестіруші-судьяларған келесідей міндеттер қойылды:
- БАҚ-қа ашық сот процестеріне қолжетімділік және жабық сот отырыстарында қаралған істер бойынша БАҚ-қа сапалы ақпарат беру;
- үйлестіруші-судьялар мен соттардың баспасөз қызметінің біліктілігін арттыру;
- заманауи коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, БАҚ-пен өзара байланыс орнату және тағы басқа міндеттер.