Жолдар шамамен 11 қарашада сағат 06:00-де ашылады
Қолайсыз ауа райына байланысты, 10 қарашада Қазақстанның 4 облысында республикалық маңызы бар жолдардың бірнеше учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Абай облысы:
Омбы-Майқапшағай тасжолы – 910-1002 шақырым (Қалбатау ауылы-Көкпекті ауылы учаскесі).
Павлодар облысы:
Омбы-Майқапшағай автомобиль жолдары – 427-587 шақырым (Кенжекөл ауылы-Абай ауданы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
Мамлютка-Қостанай автожолы – 0-180 шақырым (Мамлютка қаласы-Қостанай облысының шекарасы).
Қостанай облысы:
Мамлютка-Қостанай тасжолы – 180-250 шақырым (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы-Ұзынкөл ауылы).
Жол шамамен 11 қарашада сағат 06:00-де ашылады.
Еске сала кетсек, бұған дейін ШҚО мен Абай облысында тасжолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.