Жолды 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған
Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 683-967 шақырым аралығында қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
10 қараша сағат 16:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 683-967 шақырым аралығында (Таскескен ауылының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін) жүк және жолаушы көлігінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген ақпаратта.
Жолды 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.