11,5 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Дәурен Ерболат

Көлік арнайы тұраққа қойылды

Скрин видео

Ақтөбеде полиция жол ережесін 308 рет бұзған 35 жастағы жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қорғау» жүйесі арқылы шетелде тіркелген ВАЗ-2114 көлігін тоқтатты. 35 жастағы жүргізуші қалада жылдамдық ережесін сақтамай, заңды жиі бұзған.

Жиналған айыппұлдың жалпы сомасы – шамамен 11,5 млн теңге. Автомобиль арнайы тұраққа қойылды.

Қазақстандықтарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз! Шетелдік нөмірі бар кейбір жүргізушілер жазадан құтыламыз деп үміттенеді. Алайда полиция оларды анықтап, жауапқа тартады, - деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.