Шектеу кешкі сағат 7-де күшіне енеді
Ақмола облысында ауа райының қолайсыз болуына байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Биыл 9 қарашада кешкі сағат 19:00-де Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана-Петропавл автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, - деп жазылған «Қазавтожол» ұлттық компаниясы таратқан хабарламада.
Бұған дейін жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес берілген еді.