Солтүстік Қазақстан облысында үшінші құс фабрикасы салынып жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Осыдан кейін кәсіпорындар жылына 16 мың тонна ет беретін болады

фото: ortcom.kz

Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiде хабарлады.

Оның айтуынша, Петропавлда жаңа бройлер құс фабрикасының құрылысы басталды. Инвестиция көлемi — 2,5 млрд теңге. 80 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бұл осымен облыста салынып жатқан үшiншi құс фабрикасы. Биыл Аралағаш және Новокаменка ауылдарында екi құс фабрикасы ашылады.

«Бiздiң облыстың құс етiне деген қажеттiлiк –  8,5 мың тонна. Қазiр облыста 2,5 мың тонна шығаратын бiр құс фабрикасы бар. 3 жаңа құс фабрикасының iске қосылуы жылына қосымша 16 мың тонна өнiм алуға мүмкiндiк бередi. Осылайша, облыстың қажеттiлiгiн толық жабамыз», –  деді өңiр басшысы.