Солтүстік Қазақстан облысында үшінші құс фабрикасы салынып жатыр
Осыдан кейін кәсіпорындар жылына 16 мың тонна ет беретін болады
Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiде хабарлады.
Оның айтуынша, Петропавлда жаңа бройлер құс фабрикасының құрылысы басталды. Инвестиция көлемi — 2,5 млрд теңге. 80 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Бұл осымен облыста салынып жатқан үшiншi құс фабрикасы. Биыл Аралағаш және Новокаменка ауылдарында екi құс фабрикасы ашылады.
«Бiздiң облыстың құс етiне деген қажеттiлiк – 8,5 мың тонна. Қазiр облыста 2,5 мың тонна шығаратын бiр құс фабрикасы бар. 3 жаңа құс фабрикасының iске қосылуы жылына қосымша 16 мың тонна өнiм алуға мүмкiндiк бередi. Осылайша, облыстың қажеттiлiгiн толық жабамыз», – деді өңiр басшысы.