Абай облысында өртеніп жатқан моншадан 32 жастағы әйел құтқарылды
Өрттің себебі анықталып жатыр
Дәурен Ерболат
09.11.2024 | 14:50
Семейде монша өртеніп, 32 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бүгін қаладағы Шугаев көшесінде орналасқан 3-қабатты монша кешенінен өрт шыққан. Мамандар оқиға орнына шұғыл жетті.
132 шаршы метрді жалын шарпыды. Өрт толық сөндірілді. Мамандар баспалдақтың көмегімен 1992 жылы туған әйелді құтқарды. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.