Halyq Uni логотип
×

ІІМ тікұшақ апатына байланысты тергеуді бастады

Қайғылы оқиғадан бір адам көз жұмды

 Дәурен Ерболат 09.11.2024 | 13:48
ІІМ тікұшақ апатына байланысты тергеуді бастады
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Halyq Uni.

9 қарашада облыстағы аэродром аумағында оқу-жаттығуы кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қарқынмен қонып, кейін оның багы өртенген.

Салдарынан бір адам қаза тауып, 2 адам Ақтөбедегі ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама