Олар түрлі дене жарақатын алған
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қорғаныс министрлігінің болжамынша, тікұшақ техникалық ақау салдарынан құлаған.
Апаттан зардап шеккен 2 адамның жағдайы орташа ауыр. Олар есін біледі. Сұрақтарға жауап беруде, - деп жазылған хабарламада.
Бортта болған үш адамның біреуі 103 қызметінің көлігі келгенге дейін көз жұмған.
Ақтөбеде науқастарды әуежайдан екі жансақтау бригадасы күтіп алды. Түрлі дене жарақатын алған (омытрқаның, аяқ-қолдың сынуы) 2 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгінде зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр, диагностика жүргізілуде, - деп жазылған хабарламада.