Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатының себебін атады
Көз жұмған әскеридің туыстарына көмек көрсетіледі
Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатының алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін өңірде МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тауып, 2 адам Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі – техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде, – деп жазылған Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажет көмек көрсетіледі.