Ақтөбе облысында тікұшақ құлап, бір адам қаза тапты

Дәурен Ерболат

Тікұшақ Қорғаныс министрлігіне тиесілі

Фото: Telegram/Azattyq

Ақтөбе облысында МИ-8 тікұшағы құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін сағат 11:40-та 112 нөміріне Мартөк ауданы Сарыжар ауылы маңында тікұшақтың «қатты қарқынмен қонғаны» туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына облыстық ТЖД-ның 23 маманы мен 5 техникасы жіберілді.

Алдын ала ақпарат бойынша тікұшақ Қорғаныс министрлігіне тиесілі.

Бортта 3 адам болған. Оның біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласындағы ауруханаға ұшақпен жеткізілді. ТЖМ құтқарушылары өртті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ таратқан хабарламада.