Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды
Басшыға бірнеше маңызды міндет жүктелді
Көкшетау қаласы әкімінің қызметін Әнуар Күмпекеев атқаратын болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов биыл 9 қарашадағы өкімімен Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Марат Ахметжанов жаңа әкімнің кәсіби қасиеті мен ұйымдастырушылық қабілетіне жоғары баға беріп, тәжірибелі басшы екенін атап өтті.
Облыс әкімі бүгінде Әнуар Күмпекеев үшін басты міндет жылыту маусымының үздіксіз өтуі және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Бізді алда мәселелерді шешу және жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан сізден тек жедел шешім қабылдау емес, ең бастысы олардың тиімді болуы талап етіледі, – деді Марат Ахметжанов.