Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті
Семейде балаға қол көтерген тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Semeitv.kz мәліметінше, бұл жағдай бейнакамераға түсіп қалған.
Ата-ана тәрбиеші әріп пен білім беру бағдарламасын білмегендіктен балаға қол көтергенін айтты.
Бүгінде полиция тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Видеодан тәрбиеші баланың басынан бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Ата-ана арыз берді. Қазір Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстық білім басқармасы өкілі.
Тәрбиеші тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілді.