Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Дәурен Ерболат

Қалада көлік қозғалысына шектеу қойылады

Фото: gov.kz

Бүгін сағат 7:00-14:00 аралығында елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқу-жаттығуды Ветеренария бойынша ұлттық референттік орталығының аумағында (Абайдың 150 жылдығы көшесі, 22/3 үй) өткізу жоспарланған.

Мақсат – құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралының терроризм қаупіне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу аясында қаладағы кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізу қарастырылған.

Осыған байланысты азаматтарды іс-шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шарасын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талабын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз, - деп жазылған елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб таратқан хабарламада.