Қазақстан ішкі нарықтағы дәрумендердің 1,5 пайызын ғана өндіреді

Халық үні

Бізді дәруменмен негізінен Қытай мен Ресей қамтамасыз етіп отыр

фото: kirov-portal.ru

Қазақстанның ішкі нарығында дәрумен сату көлемі қысқарды. Биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізде мұндай өнімнің 123,2 тоннасы ғана сатылған. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш – 47%-ға төмен, деп хабарлайды Halyq Uni Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар негізінен импорттық дәрумендер мен провитаминдерді тұтынады. Олардың үлесі 98 пайыздан асады. Импорт осы тауарлардың нарықтағы сұранысына тікелей байланысты. Сол себепті сату көлемі төмендегендіктен шетелден жеткізу көлемі де биыл минус 48,2%-ға қысқарды.

Қазақстанда өндірілетін дәрумендердің нарықтағы үлесінің (1,5%) шағын болғаны сонша, оның көлемінің өскені немесе азайғаны жалпы саудада нақты көрсетілмейді. Кейінгі 8 айда елімізде небәрі 1,8 тонна провитамин мен дәрумен өндірілген. Ол – 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда, плюс 69,1%.

Еліміздегі ірі дәрумен өндірушілер – «Химфарм» АҚ (Santo бренді), «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Dosfarm ЖШС, Вива Фарм ЖШС, Mega Pharma ЖШС және т.б.

Қазақстанды дәруменмен негізінен Қытай мен Ресей қамтамасыз етіп отыр. Бұл елдер Қазақстан Республикасы импортының жалпы көлемінде ең үлкен үлесті алады: 42,5% және 36,8%.

Биыл қаңтар-тамыз айларында қазақстандықтар ресейлік және қытайлық дәрумендерге 1 миллион доллардан аса ақша төлеген.

Қазақстандықтардың бір бөлігі түрік (70 мың доллар) және неміс (79,7 мың доллар) дәрумендерін тұтынған. Мұндай тағамдық қоспаларды ірі жеткізушілер арасында Бельгия, Оңтүстік Корея, Польша және Франция сияқты елдер де бар.