Алма тиелген жүк көліктері шекарада заңсыз тоқтатылған
Өнім Еуропадан жеткізілген
Елімізде алма тиелген жүк көліктері шекарада заңсыз тоқтатылғаны анықталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратураның ресми өкілі Альмира Бекжан айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер Еуропадан алма әкелген. Алайда шекарада өнімді кедендік рәсімнен өткізе алмаған.
Прокуратура тексеріс жүргізді. Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл 31 желтоқсанға дейін алма әкелуге тыйым салатын 5 қазандағы бұйрығы тек 8 қазанда күшіне енген. Алма тиелген сегіз жүк көлігі 8 қазанға дейін ЕАЭО аумағына келген. Яғни кәсіпкерлердің бұл тауарларына шектеу шарасы қолданылмайды, - деді Альмира Бекжан.
Көлік прокуратурасы Мемлекеттік кірістер комитетіне қадағалау актісін енгізді.
Нәтижесінде кәсіпкерлер өз өнімдерін декларациялап, шығынға жол бермеді, - деді ресми өкіл.