Медициналық мекемелер жалған анықтама жасай алмайды
Келесі жылы 8 медициналық анықтама электронды түрде беріледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бастап 8 медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады. Оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде беріледі. Нәтижесінде қазақстандықтарға өзімен бірге қағаз анықтаманы алып жүрудің қажеті болмайды.
Цифрлық форматқа ауысқан соң медициналық ұйымдар жалған анықтамалар жасай алмайды, - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.
Электронды форматқа ауыстырылатын анықтамалар келесідей: