Halyq Uni логотип
×

Шымкентте перзентхана қызметкерлері жауапқа тартылды

3 мыңға жуық нәрестенің құқығы бұзылған

 Динара Амантай 08.11.2024 | 14:07
Шымкентте перзентхана қызметкерлері жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Шымкентте 3 мыңға жуық жаңа туған нәрестеге «ана мен бала» дәрі қобдишасы берілмеген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде үш мыңға жуық жаңа туған нәрестеге перзентханалардан шығару кезінде қажетті дәрі қобдишасы берілмегені анықталды.

Қадағалау актісі негізінде 2763 нәрестенің аналары дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілді. №2 қалалық аурухананың бас дәрігері ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен («Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу») әкімшілік жауаптылыққа және 5 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура бұл бағыттағы жұмысты жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама