×

Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі болды

Елімізде ауыс-түйіс әлі жалғасып жатыр

 Халық үні 13.01.2022 | 14:51
фото: ашық дереккөзден

Бұрынғы Энергетика министрі Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды. Ал оның орнына Болат Ақшолақов келген болатын.

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақордада жарияланған құжатта.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ

1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы «Тұран» университетін экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар экономисті мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000-2001 жж. — Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы.

2001-2002 жж. — MI Drilling Fluids International Ақтау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері.

2002-2004 жж. — Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларының тағылымгері.

2004-2007 жж. — «MI Drilling Fluids International» Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері.

2007-2010 жж. — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жж. — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.

2012-2013 жж. — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылғы қазаннан бастап – Мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап – Энергетика вице-министрі.

2019 жылғы 17 маусымда – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды.

2021 жылы 18 қаңтарда – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып қайта тағайындалды.

2021 жылғы 9 қыркүйекте – Энергетика министрі қызметіне келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама