Видео авторы жылу құбырының жаңадан салынғанын айтты
Қостанай облысы Рудный қаласында жылу құбыры жарылып, көшеде ыстық су атқылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қостанай облысының «Наша газета» ақпарат құралы әлеуметтік желіде таратқан бейнежазбаны куәгердің Топорков көшесінде түсіргені жазылған. Оның айтуынша, бұл жылу құбыры жаңадан салынған. Ал оқиға салдарынан түнжарымда үйлерге жылу бармай қалған.
Осыдан бірер апта бұрын Ақтау тұрғындары да қалада әлі күнге дейін жылу жоқ екенін айтып, редакциямызға шағымданып хабарласқанын жазған едік. Әкімдік өкілдері оларға сол шағын ауданда орналасқан қазандыққа жөндеу жүргізіліп жатқанын айтып құтылған.