Жетісу облысында есірткі жарналамаған 30 телеграм арна мен сайт бұғатталды
Онда психотроптық заттар насихатталған
«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы әлеуметтік желіде есірткі жарнамалаған 30 телеграм арна мен сайт бұғатталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыс прокуратурасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамдардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттарды анықтады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жоғарғы соттың судьясы, Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов есірткі жасырушыларға қолданылатын жазаға қатысты пікі берген болатын.