Биыл Балқашқа 13,5 текше метр су жіберілді
Қазақстан мен Қытай үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр
Жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, шара нәтижесінде көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 метрге жетті.
Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады. Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекеті бойынша орташа су ағыны секундына 384 текше метр болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық.
Айта кетсек, министрлік Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр. Келісім жасаудағы басты мақсат – Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету.
Біз жыл басынан бері Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28 отырыс өткіздік. Келіссөздер нәтижесінде биыл Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды, – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.