Енді колледжге құжат тапсыру рәсімі жеңілдейді
Өтінішті онлайн бақылауға болады
Енді елімізде талапкерлер колледжге түсуге қажет құжатты онлайн тапсыра алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті басқармасының бас сарапшысы Нұршат Айтбаева айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Министрлік талапкерлердің колледжге құжат тапсыру процесін жеңілдететін жобаны әзірлеген.
Енді құжат еGov.kz порталы арқылы тапсырылады. Бұл құжат тапсыруды жеңілдетіп, оны жылдамдатуға мүмкіндік береді, - деді Нұршат Айтбаева.
Сондай-ақ талапкер жатақханадан орын керек болса, бірден өтініш бере алады.
Яғни колледжге түсуге құжатты тапсырған кезде бірден жатақханадан орын алуға өтініш толтырылады. Бұл жаңашылдық уақытты үнемдеп қана қоймай құжат тапсыруды барынша ашық және қолжетімді етеді. Жобаның толық мәтінін «Ашық НҚА» порталынан оқуға болады, - деді бас сарапшы.