Мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
Елордада қатты жел мен боран салдарынан бірқатар жер үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Астана-РЭК» компаниясының мәліметінше, тұтынушылар электр қуатынан ажырағанын айтып, өтініш жіберіп жатыр. Мысалы, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше аудандағы жер үйлер жарықсыз қалған.
Бүгінде біздің авариялық қызмет Оңтүстік-шығыс шағын ауданының оң жағында (Алматы мен Сарыарқа аудандарындағы жер үйлер) 10 кВ болатын электр желісін қалпына келтіріп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Электр желісінде туындаған мәселені шұғыл шешу үшін 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы, арнайы техника тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.