×

Павлодарда ағаш құлап, әйел көз жұмды

Ішкі ағзаларына зақым келген

 Динара Амантай 07.11.2024 | 14:20
Фото: видеодан скриншот

Павлодарда қатты дауылдан ағаш құлап, салдарынан зейнет жасындағы әйел мерт болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта барды. Әйелдің екі аяғы, көкірек тұсы, жамбас сүйектері мен омыртқасы сынған. Ішкі ағзаларына да зақым келген, 3-4-дәрежедегі жарақат шогын алған. 1957 жылғы әйел алған жарақаты салдарынан көз жұмды, – делінген облыстық жедел жәрдем станциясының хабарламасында.

Айта кетсек, синоптиктер бүгін қалада жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей кездері 30 метрге дейін жетеді деген болжам жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама